Биохимиялық маркерлер және олардың қуық асты безі обырының үдеуіндегі маңызы: әдебиетке шолу
DOI:
https://doi.org/10.52532/2521-6414-2025-4-78-580Кілт сөздер:
қуық асты безінің обыры, биомаркерлер, диагностика, үдеу, сұйық биопсия, мультиомдық зерттеулер, дербестендірілген медицинаАңдатпа
Өзектілігі: Қуық асты безінің обыры (ҚАБО) ерлер арасында кең таралған аурулардың бірі болып табылады, оның ағымы мен үдеуінде маңызды рөл атқаратын жаңа биомаркерлерді іздеу өзекті мәнге ие. Заманауи технологияларды қолдану ерте диагностикалау, болжам жасау және дербестендірілген ем жүргізу мүмкіндіктерін ашады. Мақалада ҚАБО-ны диагностикалау, болжамдау және ауру динамикасын бақылауда қолданылатын биохимиялық маркерлерге шолу жасалған.
Зерттеудің мақсаты: ҚАБО үдеуімен байланысты биомаркерлерді зерттеудегі соңғы жетістіктерді, сондай-ақ олардың диагностикадағы, болжам жасаудағы және ем жүргізудегі рөлін талдау.
Материалдар мен тәсілдер: 2019–2024 жылдар аралығында жарияланған ғылыми еңбектерге жүйелі шолу жүргізілді. Материалдарды іріктеу кезінде PubMed, Scopus және Web of Science деректер базалары пайдаланылды. Қарастырылған мақалаларға молекулалық биомаркерлер, эпигенетикалық зерттеулер, протеомика, метаболомика және сұйық биопсия технологиялары бойынша зерттеулер енгізілді.
Нәтижелері: Биомаркерлер ҚАБО үдеу механизмдерін түсінуде, оны диагностикалауда және ем тактикасын таңдауда маңызды рөл атқарады. Қазіргі зерттеулер диагностика сезімталдығы мен ерекшелігін арттыруға, сондай-ақ ісіктің агрессивтілігін болжауға мүмкіндік беретін молекулалық маркерлерді анықтауға бағытталған. Соңғы жылдары ҚАБО дамуына байланысты генетикалық, эпигенетикалық, протеомдық және метаболикалық өзгерістерге ерекше көңіл бөлінуде. Үдеудің диагностикалық, болжамдық және терапиялық маркерлері жан-жақты қарастырылды.
Қорытынды: Жүргізілген талдау нәтижелері ҚАБО-ны диагностикалау мен болжамдауда биомаркерлердің негізгі рөлін растайды. Генетикалық мутациялар, эпигенетикалық модификациялар, сондай-ақ протеомдық және метаболикалық өзгерістер ісіктің агрессивтілігімен жоғары корреляция көрсетіп, емдеудің дербестендірілген тәсілдерін дамытуға жаңа мүмкіндіктер ашады. Сұйық биопсия сияқты заманауи әдістер диагностиканың дәлдігін және ауруды бақылауды арттырып, инвазиялық процедураларды азайтуға мүмкіндік береді. Дегенмен, диагностика әдістеріндегі айтарлықтай жетістіктерге және техникалық мүмкіндіктердің үздіксіз дамуына қарамастан, әлі де шешімін таппаған бірқатар мәселелер бар. Биомаркерлерді әлемдік медициналық тәжірибе аясында да, нақты клиникалық жағдайларда да терең зерттеу диагностикалық әдістерді жетілдіруге, мамандардың жұмысын жеңілдетуге және науқастардың өмір сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.