Ауаның ластануы және онкологиялық аурулардың даму қаупі: мета-анализдерге шолу
DOI:
https://doi.org/10.52532/2521-6414-2025-2-76-440Кілт сөздер:
ауаның ластануы, онкологиялық аурулар, қатерлі ісік даму қаупі, мета-талдау, PM2.5, NO2, ҚазақстанАңдатпа
Өзектілігі: Созылмалы және онкологиялық аурулардың дамуына әсері үшін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы тарапынан жаһандық қауіп ретінде танылған ауаның ластануы, ластану деңгейі рұқсат етілген шектерден айтарлықтай асып түсетін және әсіресе осал халық топтары үшін қауіп төндіретін Алматы секілді мегаполистерде ерекше алаңдаушылық тудырады.
Зерттеудің мақсаты – бұл зерттеудің мақсаты Ауаның ластануының Қазақстан Республикасы үшін неғұрлым өзекті болып табылатын онкологиялық аурулардың әртүрлі түрлерінің даму қаупіне әсеріне арналған мета-талдауларға жүйелі шолу болып табылады.
Әдістері: Жүйелі шолу PubMed, Web of Science, Scopus, Embase және Cochrane Library дерекқорларындағы 2000 жылдан 2025 жылғы 18 ақпанға дейінгі кезеңде жарияланған еңбектер негізінде жасалды. Ауаны ластаушы заттардың (PM2.5, PM10, NO2, SO2, O3, VOCs және т.б.) қатерлі ісікпен байланысын зерттейтін мета-талдаулар ғана қамтылды. Талдау үшін салыстырмалы тәуекел параметрлері (RR) және ластаушы заттардың концентрациясы алынды.
Нәтижелері: Шолу ауаны ластаушы заттардың әсері мен бірқатар онкологиялық аурулардың даму қаупінің жоғарылауы арасындағы айтарлықтай корреляцияны анықтады. Ластаушы заттардың қатерлі ісік қаупіне әсері ұсынылған.
Қорытынды: Ауаның ластануы қатерлі ісік пен қатерлі ісік ауруынан болатын өлім-жітімнің маңызды қауіп факторы ретінде танылды. Осыған байланысты тұрғын және жұмыс орындарындағы ауа сапасын бақылау және жақсарту үшін IT - және hardware шешімдерін енгізуді қоса алғанда, мемлекеттік және жеке экологиялық шараларды әзірлеу талап етіледі.