ЖАТЫР БЕЗІ ОБЫРЫНЫҢ КЕШЕНДІ ЕМІНЕ ГИПЕРТЕРМИЯЛЫҚ ИНТРАПЕРИТОНЕАЛДЫҚ ХИМИОПЕРФУЗИЯНЫ (HIPEC) ҚОЛДАНҒАН КЛИНИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙЛАР

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.52532/2521-6414-2025-4-78-646

Кілт сөздер:

жатыр безі обыры, интраперитонеалдық химиоперфузия (HIPEC), циторедуктивті хирургия (CRS), гипертермия, платинаға сезімтал рецидивтер, асқынулар, клиникалық жағдай

Аңдатпа

Өзектілігі: Жатыр безі обыры әйелдердің репродуктивті жүйесінің ең өлім-жітімі жоғары ісіктерінің бірі болып қала береді. Оның негізгі себептері — кеш диагностика және рецидивтердің жиілігі. Тіпті оңтайлы циторедукциядан кейін де перитонеалды микрометастаздар сақталып, бесжылдық өміршеңдіктің төмен болуына әсер етеді. Гипертермиялық интраперитонеалдық химиоперфузия (hyperthermic intraperitoneal chemoperfusion, HIPEC) микрометастаздарды жою және платина препараттарының әсерін күшейту арқылы ем тиімділігін арттыратын перспективалы аймақтық әдіс ретінде қарастырылады. Халықаралық зерттеулер циторедуктивтік хирургия (cytoreductive surgery, CRS) + HIPEC қолданылған кезде жалпы және рецидивсіз өміршеңдіктің жақсарғанын көрсетеді, алайда Қазақстанда бұл әдістің тәжірибесі шектеулі, сондықтан клиникалық жағдайларды талдау ерекше маңызды.

Зерттеудің мақсаты - Қазақстанның клиникалық тәжірибесінде циторедуктивті хирургия және гипертермиялық интраперитонеальды химиоперфузияны қолдана отырып, аналық без қатерлі ісігінің асқынған түрін кешенді емдеудің ерекшеліктері мен нәтижелерін талдау.

Әдістері: Мақалада жайылған жатыр безі обыры бар үш пациенттің клиникалық жағдайлары сипатталған. Визуалды диагностика және гистологиялық растаудан кейін пациенттерге 3–4 курстан тұратын неоадъювантты полихимиотерапия, циторедуктивті операция және HIPEC цисплатинмен (130–150 мг) қолданылды. Ем тиімділігі компьютерлік томография және CA-125 деңгейін бағалау арқылы анықталды.

Нәтижелері: Үш пациенттің барлығында неоадъювантты химиотерапиядан кейін толық  CRS ота жасалып (CC-0), оны 130–150 мг дозадағы цисплатинмен HIPEC толықтырды. Ем нәтижесінде CA-125 деңгейінің айқын төмендеуі және операциядан кейінгі алғашқы айларда ерте прогрессия белгілерінің болмауы байқалды. Операциядан кейінгі кезең қанағаттанарлық өтті, қайта операцияны қажет ететін ауыр асқынулар тіркелген жоқ. Барлық пациенттерде аурудың клиникалық тұрақтануы байқалды.

Қорытынды: НАПХТ, CRS және HIPEC-ті қамтитын кешенді тәсіл жайылған жатыр безі обыры бар пациенттерде тиімді және қауіпсіз екендігін көрсетті. Барлық жағдайларда CA-125 деңгейінің төмендеуі және ерте рецидивтің болмауы анықталды. Алынған нәтижелер HIPEC технологиясын Қазақстан клиникалық практикасына одан әрі енгізудің маңыздылығын растайды.

Жүктеулер

Жарияланды

30.12.2025

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Көрген адамдардың саны: 101