Созылмалы бүйрек жетіспеушілігінің терминалдық сатысында төменгі қуыс венасының зақымдалуымен жүретін жалғыз бүйректің қатерлі ісігін хирургиялық емдеу: клиникалық жағдай
DOI:
https://doi.org/10.52532/2521-6414-2025-4-78-642Кілт сөздер:
нефроуретерэктомия, бүйректің қатерлі ісігі, жалғыз бүйрек , созылмалы бүйрек ауруыАңдатпа
Өзектілігі: Жалғыз бүйрегі және теминалды созылмалы бүйрек жетіспеушілігі бар пациенттер урологиялық онкологияда жоғары хирургиялық тәуекелге ие санатты құрайды. Бүйрек функциясының бұзылуы радикалды емдеудің мүмкіндіктерін шектейді және операциядан кейінгі асқыну және өткір бүйрек жетіспеушілігі қаупін арттырады. Қосымша қиындық — төменгі қуыс венаға (ТҚВ) ісіктің инвазиясы. Веноздық инвазия бүйрек жасушалық қатерлі ісігі бар пациенттердің 4–10% жағдайында кездессе де, оны бір ғана бүйрек пен терминалдық бүйрек жетіспеушілігімен үйлестіру өте сирек кездеседі. [1] Ұсынылған клиникалық жағдай пациенттің анатомиялық және функционалдық жағдайы өте қолайсыз болуына қарамастан, ТҚВ қабырғасымен бірге нефроуретерэктомияны сәтті орындауға мүмкіндік беретінін көрсетеді.
Зерттеудің мақсаты – жалғыз бүйрек және теминалды созылмалы бүйрек жетіспеушілігі бар пациентте төменгі қуыс венаға қабырғасымен нефроуретерэктомия ерекшеліктерін көрсету, хирургиялық тәуекелдерді бағалау, мультидисциплинарлық тәсілдің тиімділігін және араласудың клиникалық нәтижесін бағалау.
Әдістері: жалғыз бүйректегі қатерлі ісік пен ТҚВ инвазиясы, терминалды созылмалы бүйрек жетіспеушілігі және ауыр анемиясы бар пациенттің клиникалық жағдайы ұсынылған. Толық алдын ала жоспарлау және хирургиялық тәсілді мультидисциплинарлық талқылау жүргізілді. ТҚВ қабырғасымен нефроуретерэктомия жасалды. Операциядан кейінгі кезеңде пациент пневмония және өкпе гипертензиясы фонында болды; бүйрек қызметін бақылау үшін гемодиализ, гемодинамиканы бақылау және тромбоэмболиялық асқынулардың профилактикасы жүргізілді.
Нәтижелері: операция толық көлемде жасалды, пациент тұрақтандырылды, өмірлік көрсеткіштері қалыпқа келтірілді. Морфологиялық зерттеу папиллярлық бүйрек жасушалық қатерлі ісік Grade 3, лимфоваскулярлық инвазия және ТҚВ қабырғасына таралуын растады, бұл аурудың прогрессиясының жоғары қаупін көрсетеді. Бақылау кезеңінде пациенттің жағдайы тұрақты, әрі қарай динамикалық бақылау және онкологиялық ем қажет.
Қорытынды: клиникалық жағдай жалғыз бүйрегі бар және терминалды созылмалы бүйрек жетіспеушілігі бар пациентте ТҚВ қабырғасымен нефроуретерэктомияны сәтті орындауға болатынын көрсетті, бұл толық алдын ала жоспарлау мен мультидисциплинарлық тәсілдің арқасында мүмкін болды. Хирургиялық араласу өмірді ұзартудың жалғыз тиімді әдісі болып қала береді және операциядан кейінгі қатаң бақылау мен кешенді емдеудің маңыздылығын көрсетеді.