Оптимизация маршрутизации и времени ожидания лучевой терапии у женщин с раком шейки матки в Алматы, Казахстан
DOI:
https://doi.org/10.52532/2521-6414-2025-4-78-612Кілт сөздер:
жатыр мойны обыры, радиотерапия, дер кезінде емдеу, маршрутизация, күту уақыты, онкологиялық көмек, АлматыАңдатпа
Өзектілігі: Жатыр мойнының обыры – Қазақстан әйелдері арасындағы онкологиялық өлім-жітімнің жетекші себептерінің бірі болып отыр. Скринингтік бағдарламалардың енгізілуіне және мамандандырылған көмек жүйесінің дамуына қарамастан, бұл аурудың өзектілігі жоғары болып қала береді. Радиотерапияның дер кезінде басталуы мен толық өтуі науқастардың өмір сүру ұзақтығы мен ісік үрдісін жергілікті бақылауда ұстауда шешуші факторлар болып табылады.
Мақсаты: 2024 жылы Алматы онкологиялық орталығында есепте тұрған жатыр мойны обыры бар әйелдер арасында радиотерапияны бастауға дейінгі маршрутизацияны және күту уақытын талдау.
Әдістері: 105 пациенттің медициналық деректері негізінде ретроспективті сипаттамалық зерттеу жүргізілді. Диагноз қойылған күннен бастап емдеуді бастағанға дейінгі уақыт аралықтары ісік сатысына, жасына және ем түріне қарай бағаланды.
Нәтижелері: Радиотерапияны бастауға дейінгі орташа күту уақыты 36 күнді құрады; пациенттердің 72%-ы емді 48 күн ішінде бастаған. Аурудың таралған сатысындағы әйелдер емдеуді ертерек бастаған, бұл клиникалық басымдық қағидасымен түсіндіріледі. Кідірістердің негізгі себептері – диагностикалық кезеңнің ұзақтығы, ұйымдастырушылық кедергілер және радиотерапиялық қызметтің кадрлық және техникалық ресурстарының шектеулілігі.
Қорытынды: Пациенттерді маршрутизациялау жүйесін оңтайландыру, жолдамаларды цифрландыру және радиотерапия қызметінің кадрлық әлеуетін арттыру күту уақытын қысқартуға, емнің тиімділігін арттыруға және онкологиялық көмекті халықаралық стандарттарға жақындатуға мүмкіндік береді.