Иондаушы емес сәулеленудің медицина қызметкерлерінің денсаулығына кәсіби әсерінің салдары: жүйелі шолу
DOI:
https://doi.org/10.52532/2521-6414-2025-4-78-599Кілт сөздер:
Иондаушы емес сәулелену, Кәсіптік әсер ету, Медицина қызметкерлері, Электромагниттік өрістер, Магнитті-резонанстық томография (МРТ), Денсаулыққа әсерАңдатпа
Кіріспе: Клиникалық тәжірибеде магнитті-резонансты томографияны (МРТ) қолданудың артуы сол саладағы мамандардың көбеюіне және олардың иондаушы емес сәулеленудің әсеріне ұшырауына әкелді. Әдебиеттерде иондаушы емес сәулеленудің кейбір жанама әсерлері туралы хабарланғанымен, деректер фрагментарлы және аз көлемді қамтиды. Ұзақ уақыт бойы иондаушы емес сәулеленуге ұшыраған медицина қызметкерлері туралы жүйеленген деректер жеткіліксіз, бұл осы тақырып аясында одан әрі зерттеу қажеттілігін көрсетеді.
Зерттеу мақсаты - жарияланған ғылыми деректер негізінде иондаушы емес сәулеленудің медицина қызметкерлерінің денсаулығына кәсіби әсерін бағалау..
Материалдары мен әдістері: жүйелі шолу PRISMA нұсқауларына сәйкес, 2005-2025 жылдар аралығында жарияланған мақалалар бойынша PubMed, Scopus және Web of Science дерекқорларында жан-жақты іздеу жүргізілді. Зерттеуге иондаушы емес сәулеленуге ұшыраған медицина қызметкерлерінің денсаулығының нәтижелерін бағалайтын түпнұсқа зерттеулер, жүйелі шолулар және мета-талдаулар кірді. Медициналық қызметкерлердің еңбек жағдайлары, мазалайтын симптомдары және диагностикалық әдістер туралы мәліметтер жиналды. 21 зерттеу жұмыстары зерттеу критерийлеріне сәйкес келді. Зерттеулер арасындағы айырмашылықтар, экспозицияны өлшеу әдістері және қызметкерлердің өзіндік есептері негізгі шектеулер болып табылады, олар нәтижелердің дәлдігіне әсер етуі мүмкін.
Нәтижелері: Жүйелі шолуға енген мақалалардың нәтижесі бойынша магнитті-резонансты томографиямен жұмыс жасайтын медицина мамандары арасында бас ауруы, бас айналу, шаршау, ұйқының бұзылуы, сенсорлық өзгерістер және когнитивті бұзылуларды қоса алғанда, өткір субъективті белгілердің жоғары таралғандығы анықталды. Доза мен симптомдар арасындағы байланыс, әсіресе жоғарғы ажыратымдылықтағы МРТ жүйелерін (≥3 Tl) пайдаланған кезде анықталды.
Қорытынды: Иондаушы емес сәулеленудің кәсіби әсері денсаулық сақтау мамандарының денсаулығына айтарлықтай қауіп төндіреді. Иондаушы емес сәулелену, ең алдымен, өткір субъективті белгілермен байланысты болса да, бұл нәтижелер профилактикалық шараларды күшейтудің, дозаны шектеу ережелерін қайта қараудың және кәсіби тәуекелдерді азайту үшін тұрақты медициналық бақылауды жүзеге асырудың маңыздылығын көрсетеді.