Қазақстандағы сәулелік диагностика бөлімшелеріндегі мейіргерлердің радиациялық қауіпсіздік туралы білімі мен құзыреттерін бағалау үшін сауалнаманы әзірлеу және валидациялау.лердің радиациялық қауіпсіздік туралы білімі мен құзыреттерін бағалау үшін сауалнаманы әзірлеу және валидациялау.Қазақстандағы сәулелік диагностика бөлімшелеріндегі мейіргерлердің радиациялық қауіпсіздік туралы білімі мен құзыреттерін бағалау үшін сауалнаманы әзірлеу және валидациялау

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.52532/2521-6414-2025-4-78-596

Кілт сөздер:

радиациялық қауіпсіздік, мейіргелер, HPKRP, сауалнаманы валидациялау, Қазақстан

Аңдатпа

Өзектілігі: Медициналық персоналдың радиациялық қауіпсіздігі қазіргі денсаулық сақтау саласының негізгі мәселелерінің бірі болып қала береді. Сәулелік диагностика әдістерінің қолданылу ауқымының кеңеюі жағдайында иондаушы сәулеленумен тікелей жұмыс істейтін мейіргерлердің құзыреттілігін арттыру ерекше маңызға ие. Персоналдың қорғаныс принциптері туралы жеткіліксіз хабардар болуы қауіпсіздік стандарттарының бұзылуына және кәсіби тәуекелдердің артуына әкелуі мүмкін.

Мақсаты: Қазақстан мейіргерлерінің радиациялық қауіпсіздік саласындағы құзыреттілігін бағалау үшін Healthcare Professional Knowledge of Radiation Protection (HPKRP) сауалнамасын мәдени бейімдеу және психометриялық валидациядан өткізу.

Әдістерi: Үш доменнен (сәулелену физикасы, радиациялық қорғаныс және қауіпсіз пайдалану бойынша басқарушы қағидаттар) тұратын түпнұсқа HPKRP сауалнамасы пайдаланылды. Мәдени бейімдеу халықаралық мойындалған кезеңдерге сәйкес жүргізілді: тура және кері аударма, сараптамалық бағалау және пилоттық тестілеу (30 респондент – 15 орыс тілді, 15 қазақ тілді). Алынған деректер IBM SPSS Statistics 26 статистикалық бағдарламаларында өңделді, ал сауалнаманың ішкі келісімділігі α-Кронбах коэффициенті арқылы бағаланды.

Нәтижелерi: Сауалнаманың аудармасы түпнұсқа ағылшын нұсқасының мағынасын толықтай сақтады және елеулі айырмашылықтар анықталған жоқ. Валидация барысында кейбір сұрақтардың тұжырымдары респонденттерге түсінікті және қолайлы болу үшін сәл өзгертілді. Жалпы шкала үшін ішкі келісімділік коэффициенті (α-Кронбах) – 0,90; мазмұндық валидтілік индексі (S-CVI) – 0,88. Факторлық талдау сауалнаманың үш факторлы құрылымын растады.

Қорытынды: HPKRP-нің қазақша нұсқасы жоғары сенімділік пен мазмұндық валидтілікті көрсетті және Қазақстан мейіргелерінің радиациялық қауіпсіздік саласындағы құзыреттілігін бағалау үшін пайдаланылуы мүмкін.

 

Жүктеулер

Жарияланды

30.12.2025

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Алжанбекова , Г. ., Танбаева , Г. ., Капанова , Г. ., Осикбаева, С. ., Искакова, Л. ., Балапанова , А. ., & Сайдахметова , А. . (2025). Қазақстандағы сәулелік диагностика бөлімшелеріндегі мейіргерлердің радиациялық қауіпсіздік туралы білімі мен құзыреттерін бағалау үшін сауалнаманы әзірлеу және валидациялау.лердің радиациялық қауіпсіздік туралы білімі мен құзыреттерін бағалау үшін сауалнаманы әзірлеу және валидациялау.Қазақстандағы сәулелік диагностика бөлімшелеріндегі мейіргерлердің радиациялық қауіпсіздік туралы білімі мен құзыреттерін бағалау үшін сауалнаманы әзірлеу және валидациялау. Қазақстан Онкология Және Радиологиясы, 4(78), 4-9. https://doi.org/10.52532/2521-6414-2025-4-78-596
Көрген адамдардың саны: 89