⁶⁸Ga-FAPI ПЭТ/КТ-ның асказанның қатерлі ісігінің диагностикасындағы мүмкіндіктері
DOI:
https://doi.org/10.52532/2521-6414-2025-3-77-502Кілт сөздер:
фибробласттардың белсендену ақуызының тежегіші, галлий-68-мен таңбаланған ([⁶⁸Ga]FAPI), асқазанның қатерлі (АҚ), позитрон-эмиссиялық томография/компьютерлік томография (ПЭТ/КТ), қатерлі ісік сатысы, фибробласттардың белсендену ақуызы (FAP)Аңдатпа
Өзектілігі: Асқазанның қатерлі ісігі аурушаңдық пен өлім-жітімділік деңгейінің жоғары болуына байланысты медицинаның өзекті мәселесі болып табылады. Гибридті визуализация, соның ішінде ПЭТ/КТ қатерлі ісіктердің, сонымен қатар асқазанның қатерлі ісігіннің диагностикасында маңызды орын алады. Онкологияда қолданылатын радиофармацевтикалық препараттарды әзірлеу және зерттеу жұмыстары жалғасуда.
Зерттеудің мақсаты – асқазанның қатерлі ісігінде [⁶⁸Ga]FAPI-ПЭТ/КТ диагностикалық мүмкіндіктерін зерттеу.
Әдістері: Зерттеуге гистологиялық түрде расталған асқазан қатерлі ісігі бар науқастарға жүргізілген [⁶⁸Ga]FAPI-ПЭТ/КТ және [¹⁸F]FDG-ПЭТ/КТ диагностикалық көрсеткіштері салыстырмалы аспектіде зерттелген 8 клиникалық зерттеудің (проспективті және ретроспективті) нәтижелері енгізілді. Зерттеулердегі науқастар саны 13-тен 112-ге дейін, жалпы саны – 379 пациентті құрады. SUVmax, TBR мәндері, асқазанның алғашқы ісігін, лимфа түйіндеріндегі және ішпердедегі метастатикалық зақымдануды анықтаудағы сезімталдық талданды.
Нәтижелері: Бірқатар клиникалық зерттеулердің мәліметтері бойынша, [⁶⁸Ga]FAPI визуализация кезінде [¹⁸F]FDG-мен салыстырғанда жоғары SUVmax және TBR көрсеткіштерін көрсетті, әсіресе диффузды, муцинозды және шырышты жасушалы асқазан обыры жағдайларында. Бұл FAP ақуызының ісік стромасында жоғары экспрессиясымен түсіндіріледі, нәтижесінде препарат зақымданған ошақтарда тиімді жинақталады. Сонымен қатар, [⁶⁸Ga]FAPI-ПЭТ/КТ [¹⁸F]FDG-ПЭТ/КТ-мен салыстырғанда асқазандағы алғашқы ісік ошақтарын (100% қарсы 53%), лимфа түйіндеріндегі метастаздарды (79% қарсы 54%) және ішперделік метастаздарды (96% қарсы 55%) визуализациялауда жоғары сезімталдық көрсетті. [⁶⁸Ga]FAPI-ПЭТ/КТ зерттеуінен кейін науқастардың 11–67%-ында ісік процесінің сатысы нақтыланып, ем жоспарын даралау мүмкін болды.
Қорытынды: [⁶⁸Ga]FAPI-ПЭТ/КТ әдісі [¹⁸F]FDG-ПЭТ/КТ-мен салыстырғанда асқазан обырын сатыландыруда анағұрлым ақпараттылығы жоғары болды, әсіресе гликолитикалық метаболизмі төмен ісік гистотиптері жағдайында. Бұл әдіс ішперделік, висцералдық және лимфогендік метастаздарды жоғары сезімталдықпен анықтауға мүмкіндік береді және емдеу тактикасын анықтауда маңызды рөл атқарады.