Қазақстандағы сүт безі қатерлі ісігінің эпидемиологиясы: 2015-2024 жылдардағы сырқаттанушылық, өлім-жітімді және аурудың сатыларын талдау

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.52532/2521-6414-2025-2-76-468

Кілт сөздер:

эпидемиология, сүт безі қатерлі ісігі, Қазақстан, аурушаңдылық, өлім-жетім, өмір сүру, скрининг

Аңдатпа

Өзектілігі: Сүт безі қатерлі ісігі (СБҚІ) ҚазақстанРеспубликасындағыәйелдердебарлыққатерліісіктердің таралуы бойыншабіріншіорында.2015-2024 жылдар кезеңіндесырқаттанушылықтыңтұрақтыөсуі байқалады,бұлреттеауруегдежастағытоптардағыәйелдердежиіанықталады. Іске асырылып жатқан скринингтікбағдарламаларғақарамастан, СБҚІ онкологиялықөлім-жітімнің маңыздысебебі болып қала береді.Алғаш рет сырқаттанушылық, өлім-жітім,кезеңділікжәнебес жылдық өмір сүрудинамикасынбағалайотырып, СБҚІ бойынша ұлттықдеректергекешенді10жылдықталдаужүргізілді.

Зерттеудің мақсаты – ауруды ерте анықтау және емдеу жөніндегі іс-шаралардың тиімділігін бағалау мақсатында ҚР әйелдерде СБҚІ 2015-2024 жылдардағы аурушаңдық, өлім-жітім, өмір сүру және сатылық көрсеткіштеріндегі өзгерістерді талдау.

Әдістерi: СБҚІ бойынша аурушаңдық пен өлім-жітімнің талдауы 2015–2024 жылдар аралығында №7 және №090/У нысандары, сондай-ақ онкологиялық регистр деректері негізінде жүргізілді. Демографиялық көрсеткіштер ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің ашық деректерінен алынды. Статистикалық өңдеу SPSS бағдарламасының (23.0 нұсқасы) көмегімен сипаттамалық статистика әдістерін қолдану арқылы жүргізілді: орташа мәндер, сенімді аралықтар және көрсеткіштердің өзгеру қарқыны есептелді.

Нәтижелерi: Талдау кезеңінде СБҚІ бойынша аурушаңдықтың көрсеткіші 100 000 әйелге шаққанда 45,7-ден 47,6-ға дейін өсті, ал өлім-жітім 14,2-ден 7,8-ге дейін төмендеді. Бесжылдық өмір сүру 81%-ға артып, 16 740-тен 30 267 пациентке дейін өсті. Аурудың ерте сатыларында (I–II) анықталу үлесі 81,5%-дан 88,7%-ға дейін жоғарылады, ал III сатының үлесі екі есеге жуық қысқарды. Ең жоғары аурушаңдық 65–69 жас аралығындағы топта тіркелді.

Скринингпен қамту мен өлім-жітімнің төмендеуі арасында байланыс орнатылды. Алынған нәтижелер бұрын ұсынылған өңірлік деректерді нақтылайды және кеңейтеді және профилактикалық бағдарламаларды жетілдіру және онкологиялық көмектің тиімділігін арттыру үшін негіз бола алады.

Қорытынды: Қазақстанда СБҚІ аурушаңдығының тұрақты өсуі аясында өлім-жітімнің төмендеуі мен ерте диагностика деңгейінің жақсаруы байқалады. Бұл үрдістер скринингтік бағдарламалардың және онкологиялық көмектің тиімділігін көрсетеді, алайда IV сатыдағы жағдайлардың тұрақты деңгейі ерте жүгіну алдындағы кедергілерді жою қажеттігін көрсетеді.

Автор өмірбаяндары

  • Д.Е. Айдаров, Қазақстан-Ресей медицина университетi

    3 курс PhD докторанты

  • С.Ж. Хайдаров, Шэньчжэнь университеті, Шэньчжэнь, Қытай

    MSc, PhD докторанты 3 курс студенті, Денсаулық ғылымы орталығы (медицина факультеті)

  • С.О. Осикбаева , «Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты» АҚ

    PhD, Молекулярлық-генетикалық зерттеулер орталығының маманы

  • А.М. Айдарова, «С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті» КЕАҚ

    Нефрология кафедрасының доценті

Жүктеулер

Жарияланды

01.07.2025

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Көрген адамдардың саны: 273