Аттасқан бүйректе дамыған Вильмс ісігі: ағзаларды сақтау емінің мүмкіндіктері (клиникалық жағдай)
DOI:
https://doi.org/10.52532/2521-6414-2025-2-76-434Кілт сөздер:
педиатрия , хирургиялық ем , нефробластома , Вильмс ісігі , аттасқан бүйрек , химиотерапияАңдатпа
Өзектілігі: Аттасқан (таға тәрізді) бүйрек – балаларда жиі кездесетін бүйрек қосылу аномалиясы (0,25%) болып табылады және ол әртүрлі урологиялық және бейурологиялық ауытқулармен байланысты. Вильмс ісігі – балалардағы ең жиі кездесетін қатерлі бүйрек ісігі және үшінші жиі кездесетін қатты тіндік қатерлі ісік болып саналады.
Зерттеу мақсаты: Аттасқан бүйректе анықталған Вильмс ісігінің клиникалық жағдайын сипаттау, диагностика және емдеу әдістерін баяндау.
Әдістер: Бұл мақалада 4 жастағы қыз баланың аттасқан бүйрегінде анықталған Вильмс ісігінің клиникалық жағдайы сипатталады. Емдеу Мәскеу облыстық онкологиялық диспансерінде (Балашиха, Ресей) жүргізілген.
Нәтижелері: Неоадъювантты және адъювантты химиотерапияны және аттасқан бүйректің сол бөлігін мойын тұсында резекциялау көлемінде жасалған операцияны қамтитын кешенді ем жүргізілді. Мақала жазу кезінде аурудың көріністері тіркелмеген
Қорытынды: Бұл клиникалық жағдай Вильмс ісігін дер кезінде анықтап, емдеудің маңыздылығын көрсетеді, бұл қолайлы нәтижеге қол жеткізуге мүмкіндік берді. Ерте диагностика мен ем нақты науқастың барлық мүмкін нәтижелерін бағалап, әрі қарайғы ем тактикасын анықтауға септігін тигізді. Соның арқасында аттасқан бүйректе орналасқан Вильмс ісігін бүйрек пен несеп шығару жүйесінің функциясына барынша аз зиян келтіре отырып емдеуге мүмкіндік болды.