Метастазды зақымдалумен сүт безі қатерлі ісігі диагнозымен науқасқа  мобильді топтың үй жағдайында паллиативті көмегі: клиникалық жағдай

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.52532/2521-6414-2025-1-75-398

Кілт сөздер:

сүт безі қатерлі ісігі, ісікті-инфильтративті түрі, паллиативтік көмек, мобильді топ, терінің ойық жараларын емдеу, метастаздар, өмір сүру сапасы

Аңдатпа

Өзектілігі: Паллиативті көмектің мақсаты ауырсыну және науқас жағдайын нашарлататын басқа да клиникалық белгілерді сауатты диагностикалап тиімді емдеу, науқас күтімі және туыстарына күтім дағдыларын үйрету, науқас және отбасына психологиялық, әлеуметтік қолдау.

Зерттеу мақсаты – метастатикалық зақымдануы бар ісік-инфильтративті сүт безі обыры диагнозы қойылған науқасқа үйде кешенді паллиативтік көмек көрсететін мобильді топтың рөлін зерттеу.

Әдістері: Мақалада бас миының, жамбас сүйектерінің метастаздармен зақымдалуы және III-IV дәрежелі терінің ойық жарасының дамуымен асқынған ІІІ В сатыдағы сүт безі қатерлі ісікті-инфильтративті түрі диагнозымен науқастың клиникалық жағдайы келтірілген. 4 цикл неоадъювантты полихимиотерапия және 4 цикл таргетті терапияның жүргізгізілгеніне қарамастан, үрдістің үдеуі. Науқас және оның отбасына үй жағдайында паллиативті кешенді медициналық және психологялық, әлеуметтік қолдау көрсеткен мобильді топ жұмысына ерекше назар аударылады. Паллиативті көмектің негігі аспектілері ауырсыну белігілерін сауатты анықтап, нәтижелі емдеу.Төсек ойық жарасының күтімі, емі, назогастральды түтік арқылы тамақтануды, сондай-ақ эмоционалды шиеленісті азайту үшін туыстарымен өзара әрекеттесуді қамтыды.

Нәтижелері: III-IV дәрежелі терінің ойық жарасын емдеу нәтижелері оң динамиканы көрсетті, жараның 1,5 айға созылған консервативті емнен кейін грануляция фазасына ауысуы. Жараларды емдеудің заманауи әдістерін, соның ішінде антисептикалық ерітінділер мен антибиотикалық майларды қолдану инфекциялық асқынуларды азайтуға және науқастың жағдайын жақсартуға мүмкіндік берді. Мобильді топтың жұмысы паллиативтік көмек шеңберінде медициналық ғана емес, әлеуметтік қолдауды да қамтитын жеке көзқарастың маңыздылығын атап өтті.

Қорытынды: Мақала онкологиялық аурудың терминальды сатысындағы ауыр науқастарға үй жағдайында паллиативті көмек беру мобильді тобының қызметі науқастардың өмір сүру сапасын жақсарта отырып, көрсетілген көмекке қанағаттанушылығын арттыруға ықпал ететіндігін атап көрсетеді.

Жүктеулер

Жарияланды

01.04.2025

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Көрген адамдардың саны: 112