Онкологиялық науқастарды реабилитациялаудың интеграциялық үлгісін әзірлеудің болашағы: әдебиетке шолу
DOI:
https://doi.org/10.52532/2521-6414-2025-3-77-493Кілт сөздер:
онкологиялық реабилитация, мультидисциплинарлық тәсіл, өмір сапасы, қатерлі ісіктен кейін аман қалғандар, телемедицинаАңдатпа
Өзектілігі: Онкологиялық ауруларды диагностикалау мен емдеуде елеулі ілгерілеулерге қарамастан, реабилитация кешенді көмектің толыққанды бөлігі ретінде жеткілікті деңгейде интеграцияланбаған. Онкологиялық емнен кейін тірі қалғандар санының өсуі жағдайында тұрақты қалпына келтіру мен өмір сапасын жақсартуды қамтамасыз ететін жеке және мультидисциплинарлық реабилитациялық үлгілерді әзірлеу ерекше маңызға ие.
Зерттеу мақсаты – онкологиялық науқастарды реабилитациялаудың қазіргі заманғы тәсілдерін талдау және қалпына келтіруге жекелендірілген және мультидисциплинарлық көзқарасты қамтамасыз ететін интеграциялық модельді әзірлеуге бағытталған ғылыми зерттеулерді зерделеу.
Әдістері: 2015-2024 жылдар аралығында Scopus, Web of Science, PubMed, Google Scholar және ScienceDirect деректер базаларында әдебиеттерге шолу жүргізілді. Іріктеу критерийлері: онкологиялық науқастарды физикалық, психологиялық, нутритивтік, әлеуметтік және телемедицина арқылы оңалтуға байланысты. Зерттеуден шығарылғандар: оңалтумен байланысты емес клиникалық белгілер мен асқынулар сипатталған жағдайлық есептер (кейс-репорттар). 94 жарияланым таңдалып алынды, олардың 42-сі талдауға енгізілді.
Нәтижелері: Қазақстанның 2023–2027 жылдарға арналған мемлекеттік стратегиясы онкореабилитацияға кешенді тәсілді енгізуді көздейді. Алайда стандарттаудың болмауы, кадр тапшылығы және қызметтердің қолжетімділігі мәселелері сақталуда. Германия, АҚШ және Жапонияның онкореабилитация модельдерінің әртүрлілігін көрсетілді. Интегративті модельдің алты негізгі компоненті анықталды: физикалық белсенділік, психологиялық қолдау, мейірбикелік сүйемелдеу, жамбас және жыныстық функцияларды қалпына келтіру, телемедицина және нутритивтік қолдау.
Қорытынды: Онкологиялық науқастардың өмір сапасын жақсарту, мүгедектік деңгейін төмендету және әлеуметтік бейімделуді арттыру үшін мультидисциплинарлық онкореабилитацияны денсаулық сақтау жүйесіне интеграциялау қажет. Халықаралық тәжірибелерді ұлттық ерекшеліктерді ескере отырып бейімдеу Қазақстандағы қалпына келтіру бағдарламаларының тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.