«Multidimensional Scale of Perceived Social Support» (MSPSS) сауалнамасын қазақ тіліне бейімдеу және сенімділігін анықтау
DOI:
https://doi.org/10.52532/2521-6414-2025-2-76-447Кілт сөздер:
онкология, MSPSS, әлеуметтік қолдау, сенімділікАңдатпа
Өзектілігі: Онкологиялық науқастарға әлеуметтік қолдау – олардың физикалық және психоэмоционалдық әл-ауқатын жақсартудың маңызды факторы. Қатерлі ісік диагнозы науқастарға үлкен психологиялық салмақ түсіріп, қорқыныш, үміт-сіздік, депрессия және әлеуметтік оқшаулану сияқты жағымсыз эмоцияларға себеп болуы мүмкін. Мұндай жағдайда отбасы мүшелері, достар, әріптестер және медициналық қызметкерлер тарапынан көрсетілетін моральдық, эмоционалдық және практикалық көмек – ерекше маңызды. Әлеуметтік қолдау науқастың қоғаммен байланысын сақтап, олардың жұмысқа қайта оралуына, өмір сапасын арттыруына ықпал етеді. Сонымен қатар, мұндай қолдау әлеуметтік интеграцияны қамта-масыз етіп, науқастың қалыпты өмірге бейімделуіне және толыққанды өмір сүруіне мүмкіндік береді.
Зерттеу мақсаты – Multidimensional scale of perceived social support (MSPSS) сауалнамасын қазақ тіліне бейімдеу және сенімділігін анықтау.
Әдістері: зерттеу дизайны бір сәттік көлденеңді. MSPSS сауалнамасы М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетінің Медициналық орталығында (Ақтөбе, Қазақстан) емделіп жатқан онкологиялық науқастарды әлеуметтік қолдау деңгейін анықтау мақсатында жүргізілді. Сауалнама отбасынан, достарынан және ерекше адамдардан келетін әлеуметтік қолдауды бағалауға арналған 12 сұрақтан тұрады. Нәтижені бағалау шкаласы 12-35 ұпай болса төмен, 36-60 ұпай аралығында орташа, ал 61-84 ұпай ара-лығында жоғары деп бағаланады. Статистикалық талдау SPSS бағдарламасының 25.0 нұсқасы көмегімен жүргізілді.
Нәтижелері: 89 қатысушы арасында сауалнама нәтижелері бойынша MSPSS шкаласының орташа жалпы көрсеткіші 80,54±6,8 болды, бұл зерттелген популяцияда қабылданатын әлеуметтік қолдау деңгейінің салыстырмалы түрде жоғары екенін көрсетеді. MSPSS шкаласының қазақ тіліндегі аудармасы жоғары ішкі үйлесімділікке ие, шкала бойынша Кронбах аль-фасы 0,84, ал үш субшкала бойынша 0,39-дан 0,95-ке дейінгі аралықта өзгерді. «Элемент-нәтиже» корреляция коэффициент-тері 0,32-ден 0,95-ке дейінгі диапазонда болды, бұл шкаладағы барлық сұрақтардың артық немесе мазмұнды қайталайтын емес екенін көрсетті.
Қорытынды: Зерттеу нәтижелері MSPSS сауалнамасының қазақ тіліндегі нұсқасының жоғары сенімділікке ие екенін көрсетті (Cronbach’s α=0,84) және оны ғылыми зерттеулерде қолдануға болатынын дәлелдейді. Сауалнама онкологиялық науқастардың әлеуметтік қолдау деңгейін бағалауға тиімді құрал ретінде қолданылып қана қоймай, сонымен қатар әлеу-меттік қолдаудың түрлі аспектілерін зерттеуге және әлеуметтік мәселелерді анықтап, оларды шешудің жолдарын ұсынуға мүмкіндік береді.