Сүт безі қатерлі ісігін емдеудегі интраоперациялық сәулелі терапияның рөлі: әдебиетке шолу

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.52532/2521-6414-2025-2-76-418

Кілт сөздер:

интраоперациялық сәулелі терапия (ИОСТ) , сүт безі қатерлі ісігі (СБК) , өмір сүру деңгейі , ұзақ мерзімді нәтижелер , дерт қайталану жиілігі

Аңдатпа

Өзектілігі: Сүт безі қатерлі (СБК) ісігі әйелдерде жиі кездесетін ісіктердің бірі. GLOBOCAN деректері бойынша 2022 жылы сүт безі обырының 2 296 842 жаңа жағдайы және осы аурудан 666 103 өлім тіркелді. Әйелдер арасында онкопатология құрылымында таралуы бойынша әлемде 1-ші орында.

Қазақстан Республикасында 2023 жылы тері қатерлі ісігін қоспағанда ең алғаш рет қатерлі ісікпен тіркелген аурудың саны 37 038 жағдай анықталды. Алдыңғы жылдың деңгейіне қарағанда қатерлі дертке шалдыққандар саны 1959-ға немесе 5,6%-ға өсті. Сырқаттанушылықтың 100 мың халыққа шаққандағы «қалыпты» көрсеткіші 186,1 құрады өсу қарқынымен жылына 3,5%, стандартты көрсеткіші – 0,8%-дық өсу қарқынымен 159,6-ны құрады.

Сондай-ақ СБК ісігін емдеудегі негізгі бағыттар мен принциптерге назар аударған жөн. СБК ісігін емдеу түрлері аурудың сатысына байланысты. Ісікті емдеу: хирургиялық алып тастау, сәулелі терапия, химиотерапия және гормондық терапияны қамтиды. Қазіргі уақытта интраоперациялық сәулелі терапияны (ИОСТ) СБК ісігін емдеуде оңтайлы әдіс ретінде қолдану өзекті болып отыр. Онкологтардың, маммологтардың және радиациялық онкологтардың пікірінше, бұл емдеу тәсілі, ем нәтижесі мен бес жылдық өмір сүру мерзімі көрстекішін жақсарту үшін де терең талдауды қажет етеді.

Зерттеудің мақсаты – сүт безі қатерлі ісігін емдеуде интраоперациялық сәулелі терапияны қолданудың әлемдік тәжірибесін зерттеу.

Әдістері: Рандомизациялы ем мен мета-анализ нәтижелері негізінде 2003-2023 жылдардағы PubMed базасынан СБК ісігін емдеудегі ИОСТ қолдану туралы дереккөздерге шолу берілді.

Нәтижелері: Әдеби шолуда ем тиімділігі, өмір сүру ұзақтығына ем әсерін бағалау бойынша ірі зерттеулердің, соның ішінде көп орталықты оң нәтижелі зерттеулердің, сондай-ақ СБК ісігін емдеуде ИОСТ қолданудың ерекшеліктері мен мүмкін болатын шектеулері ұсынылды.

Қорытынды: ИОСТ ем алудан кейінгі жанама әсерлердің қаупін төмендетумен қатар, СБК ісігін емдеу ұзақтығын азайтады. СБК ісігін емдеуде осы әдістемені қолдануды жақсырақ түсіну үшін қосымша зерттеулер қажеті анық. Қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді оң нәтижелер болған жағдайда, ИОСТ-ны толығымен қолдану мен емдеу мекемелерінде клиникалық хаттамаларға енгізу үшін ұсынылуы хақ.

Жүктеулер

Жарияланды

01.07.2025
Көрген адамдардың саны: 185